Құрбан шалу үшін қарыз алуға бола ма

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қарызданып құрбан шалуға бола ма? Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарыз алып құрбан шалу міндет емес. Өйткені, құрбан шалу үшін адамның жағдайы болуы керек. Мүмкіндігі бар адам құрбан шалу керек, ал жағдайы болмаса қарызданып құрбан шалудың қажеті жоқ. Алайда құрбан шалудың сауабынан құр қалмайын, мен де құрбан шалайын деген мақсатта қарыз алса, ол болады. Бірақ, шамасына қарау керек», - деді Батыржан Мансұров ОКҚ-де өткен брифингте.

Сондай-ақ, брифинг барысында құрбан шалмай ақшасын мұқтаж жандарға беруге бола ма деген сауал қойылды.

«Құрбан малды көрсетілген, бекітілген уақытта шалу керек. Ал садақа ретінде құрбандық қаражаты жүрмейді. Ал бұл күндері жалпы садақа беруге болады. Ал құрбандыққа мал шалу ол уәжіп», - деп түсіндірді ҚМДБ өкілі.

Бұған дейін құрбандыққа қандай малдардың жарамайтыны туралы хабарлаған едік.

Одан бөлек, мамандар айт намаздан бұрын шалынған құрбандық қабыл бола ма сауалға жауап берді.

Сонымен қатар құрбан шалғанда нені ескеру керектігі айтылды.