Құрбан шалудың талаптары қандай

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ораза айт мейрамынан 70 күн өткеннен кейін басталатын Құрбай айт та жақындап келеді. Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбандық шалу барысында орындалуы тиіс талаптарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  1. «Бұл күні Меккегебарған қажылар Мина алқабында құрбандық шалу рәсімі мен қажылықтың басқа даталап-шарттарын атқарса, қажылық жасауға шамасы келмеген мұсылмандар мешіттердеайт намазын оқып, айтулы мерекенің ең маңызды рәсімі – құрбандық шалады», -делінген басқарманың сайтында жарияланған ақпаратта.

Құрбандық шалатын адамға қойылатын талаптар:

  • - ақыл-есідұрыс, балиғат жасына толған мұсылман болуы;
  • - тұрғылықтымекенде болғаны, яғни, сапарда болмағаны абзал;
  • - нисапмөлшерінда артық дәулеті бар адам болуы.

«Бірақ, бұл жағдайы төмен адам құрбан шалмасын дегенсөз емес. Ондай құрбандық нәпіл құрбан үкіміне жатады», - делінген басқарманыңмәліметінде.

Құрбанғақандай мал шалынуы тиіс?

  • - бесжасар түйені 7 адам бірігіп немесе бір адам шала алады.
  • - екіжасар сиыр малын 7 адам бірігіп немесе 1 адам шалуына болады.
  • - біржасар қойды 1 адам шалады.

«Құрбан малын ниетті адамның өзі шалса, сауабыәлдеқайда көп деп саналады. Алайда,басқа адамға өкілдік беруге де болады. Ол үшін телефон арқылы немесе хат-хабарарқылы шараны біреуге нақты уақытын айтып тапсыру қажет. Өкілдікті қабылдағанадам құрбандық шартын ниетті адамның айтуы бойынша атқарады», - дейді дінөкілдері.

Құрбаншалу тәртібі қандай?

  • - пышақмалдың көзінің алдында қайралмауы керек;
  • - малдысол жамбасына жығып, кеудесімен құбылаға қарату қажет;
  • - құрбаншалуға ниет ету (өз атынан немесе өзгенің атынан);
  • - бауыздаралдында «Бисмиллә, Аллаһу әкбар!» деп айту;
  • - малдыңөңешін, кеңірдекті және мойынның екі жағындағы тамырды бір мезетте кесу;
  • - малдыңқаны толық ағып, жаны шыққанша күту қажет.

Құрбандыққақандай мал шалынбайды?

  • - малдыңбір немесе екі көзі бірдей соқыр болса;
  • - құрбаншалу орнына өз бетімен жете алмайтындай ақсақ болса;
  • - тістерініңкөбі жоқ болса;
  • - мүйіздерісынған немесе бір сыңары түбіне дейін жоқ болса;
  • - бірнемесе екі мүйізі түбіне дейін кесілген болса;
  • - құйрығыныңжартысы немесе одан көп бөлігі жоқ болса;
  • - малтым әлсіреген күйде болса;
  • - туғаннанқұлағы немесе құйырығы болмаса;
  • - ласқалдықпен тамақтанып жүрген мал жарамсыз.

Қандайкемшілігі бар мал құрбандыққа жарамды?

  • - көруінашар;
  • - біраяғы ақсақ болса да, жүре алатын болса;
  • - мүйізініңбөлшегі сынық болса немесе туғаннан тоқал болса;
  • - санаулытісі жоқ болса;
  • - құйрығыныңнемесе құлағының кішкене бөлігі жоқ болса;
  • - құлағытесілген болса;
  • - қышыма;
  • - пішілгенболса құрбандыққа шалуға болады.

Құрбанғашалынған малдың етін қалай үлестіру қажет?

  • - еттің3/1 бөлігін өзінің отбасына, бала-шағасына;
  • - 3/1 бөлігі туған-туыстары менкөршілеріне;
  • - 3/1 бөлігін кедей және мұқтаж жандарғаүлестіру абзал.

Дін мамандары құрбанға шалынған малдың терісіқасапшыға қызмет ақысы ретінде берілмейтінін ескертеді. Оны сатып, ақшасынсадақа етуқажет.

Құрбаншалудың тыйымдары қандай?

  • - шалынғанмалдың терісі мен қалған еті, басы мен басқа да бөлшектері сатылмауы тиіс;
  • - малдыңкөзінше пышақ қайрауға болмайды;
  • - соятынмалға қатыгездік танытуға болмайды;
  • - өтпейтінпышақпен бауыздауға тыйым салынады.

Еске салайық, биыл Құрбан айт мерекесі 11 тамыз – жексенбі күні басталады.

Бұған дейін елорда әкімдігі құрбандық шалуға болатын орындарды белгілегенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар