Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды

Фото: Азаматтарға арналған үкімет

АСТАНА. KAZINFORM — Құрбан айт мерекесіне орай 6 маусым күні ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы.

— Құрметті қызмет алушылар! Құрбан айт мерекесіне орай 6 маусым күні ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар жұмыс істемейтінін хабарлаймыз. 7 маусым, сенбі күні азаматтарды тек кезекші орталықтар қабылдайды. Кезекші орталықтар тізімін осы жерден қарауға болады, — делінген корпорация таратқан хабарламада.

Сонымен қатар 9 маусымнан бастап барлық орталықтар әдеттегі жұмыс кестесіне сай қызмет көрсетеді.

Бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» МК Алматы филиалы маусым айынан бастап қаладағы үш кезекші халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет алушыларды қабылдайтынын хабарлады.