Бұл туралы WTVR хабарлайды.
Жұмыстан соң Мерри Томас пен оның құрбысы супермаркетке кірген. Әйел дүкенге орнатылған Вирджиния штатының лотерея автоматын қалай пайдалануды түсіндірмек болады.
Ол билет сатып алып, оны машинаның күшімен көшіріп алған сәтте миллион доллар ұтқанын көреді.
Лотерея ойынының ережесі бойынша ұтысты отыз жылдың ішінде бөліп алуға болады немесе біршама бөлігін қайырымдық шараларға беріп, қалғанын түгелдей алуға болады.
Томас екінші нұсқасын таңдап, бірден 630 915 доллар қолма-қол ақша алды.