Белгілі болғандай, 31 жастағы әйел 35 жастағы құрбысымен ішімдік ішкен. Сәлден соң екеуінің арасында жанжал туындаған.
«31 жастағы әйел бөтелкелесіне пышақ салған. Салдарынан жәбірленуші қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді», - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің «Кісі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.