Т.Рысқұлов ауданының полиция бөліміне Б.Нурпеисова есімді азаматша арызданып, белгісіз біреу үйінен 500 мың теңгесін ұрлап кеткендігін хабарлаған.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188 бабы 3-бөлігі 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
«Т.Рысқұлов АПБ тергеу бөлімшесінің тәжірибелі және сапалы тергеу амалдарының жүргізуінің нәтижесінде 50 жастағы жәбірленушінің әріптесі әрі құрбысы ұрлық жасағаны толықтай дәлелденіп, қылмыстық іс сотқа жолданды»,-делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.