Семей ядролық полигонының орталығы болған шағын шаһардағы барлық тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарға бейнекамера орнатылған. Бұл өз кезегінде қалада қылмыс санының азаюына ықпалын тигізген. 2022 жылдың 6 айында қылмыс 15 пайызға төмендеген.
Қазір қалада 200-ден астам бейкамера жұмыс істеп тұр, келесі жылы тағы 30-ын қою жоспарланған.
«Қаламыздағы 78 үйдің барлығына камера орнатылған. Барлығы – 215. Мектептер мен балабақшаларда камера қойылған», - дейді Курчатов қаласының әкімі Олег Чугунков.