Курчатов қаласындағы шағын базарда жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Курчатов қаласындағы шағын базарда жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.

12 қараша күні сағат 9.35-те Курчатов қаласы полиция бөлімінің 102 жедел арнасына «Жайлаубай» шағын базарының ғимаратында газ-ауа қоспасының тұтандырғышы атылғаны туралы хабарлама түсті.

Курчатов қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметі бойынша бұл оқиғаның негізгі себебі – газ-ауа қоспасының тұтандырғышы. Қазір тергеу жүріп жатыр.

«Жайлаубай» базарының ғимараты зардап шегіп, сол маңдағы тұрғын үйдің бірнеше терезесі зақымданған.

Сондай-ақ, көшеде тұрған ер адам зардап шекті, жағдайы қанағаттанарлық.

Полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алды.