Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«Алматы қаласында 33 жастағы жергілікті тұрғынды өлтіру қылмысы ашылды. Наурыз айының алғашқы күндері оның зорлық- зомбылық белгілері бар мәйіті жеке үйлердің бірінің жертөлесінен табылған болатын», - деді министрліктің ресми өкілі.
Оның атап өтуінше, жедел іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде бұзақылық ниетте адам өлтірді деген күдікпен жәбірленушінің құрдасы ұсталды. Тергеу барысында келіспеушіліктен шыққан ұрыс-керіс кезінде күдікті жәбірленушіге дене жарақатын келтіріп өлтіргендігі, ал мәйітті жертөлеге тастап, ізін суытқаны анықталды.