деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
«Алматы облысында ауа райының нашарлауына (төмен температура) байланысты барлық көлік түрлері үшін «Үшарал-Достық» автожолында қозғалысқа шектеу қойылды», - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ министрліктің атап өтуінше, бірқатар жолдарда қозғалыс жанданған. Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының жолдары 6 қаңтар күнгі сағат 7-ге дейін жабылған болатын. ТЖМ ақпаратына сәйкес, бүгін таңертең сағат7:00-де аталған жолдар ашылды.