Күрдістанда санақ кезінде 134 жасқа келген қарт табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирандағы Күрдістан провинциясында ұлттық санақ кезінде елдің ең қарт тұрғынын - 134 жастағы Ахмад Суфиді тапты. Бұл туралы Press TV хабарлады, деп жазады lenta.ru.

Ер адам Саккез қаласында тұрады. Құжаттарына сәйкес ол 1882 жылғы ақпанда дүниеге келген.

У Суфидің туған балалары жоқ, тек төрт баланы асырап алған. Туыстарының сөзіне қарағанда, ақкөңіл, мейірімді, бауырмашыл жан. Тағы бір айта кетерлігі, денсаулығы да мықты көрінеді.

 Осы санаққа дейін Ирандағы ең ұзақ жасаған адам Камьяран қаласының тұрғыны 130 жастағы қарт болатын.

Ал 145 жастағы Индонезия  тұрғыны Содимеджо әлемдегі ең қарт адам болып есептеледі.