Күрдтердің өтініші бойынша Ирактағы парламенттік сайлау бір күнге - 2010 жылғы наурыздың 7-сіне ысырылды

АСТАНА. Желтоқсанның 9-ы. ҚазАқпарат - Ирактағы парламенттік сайлау бір күн кейінге ысырылды. Енді ол бұған дейін жоспарланғандай, 2010 жылғы наурыздың 6-сында емес, 7-сінде өтеді.

Бұл күнді     елдің    президенттік  кеңесі бекітті,  деп хабарлайды  ИТАР-ТАСС агенттігі.

Сайлау  туралы жаңа заңның  біраз   кідіріспен  қабылданып,  соның   нәтижесінде     дауыс  беру   үрдісінің    бастапқыда  жоспарланған    қаңтардың 16-сында  өткізудің    мүмкін болмауына байланысты,   сайлау    наурыздың 6-сына  белгіленген   еді.

Бірақ   та бұл  дата   күрдтер  үшін   тарихтағы  көңілсіз  оқиғамен  байланысты күн.     1975 жылы  наурыздың 6-сында    Алжирде өткен ОПЕК конференциясында   Иран   шахы  Мохаммед Реза Пехлеви мен    сол  кездегі  Ирак вице-президенті Саддам Хусейн мұнайдың  бай  қорына  ие   Тигр  мен  Евфрат    өзендері  құйылатын   Шатт-әл-Араб өзені  бойымен  шекара  сызығын    белгілеу  туралы    шартқа қол қойған  болатын.  Күрдтер     осынау     шартпен  олардың  құқықтарына   нұқсан  келтірілді  деп санайды.