Күрес: Асхат Ділмұхамедов Азия чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грек-рим күресінен қазақ балуаны Асхат Ділмұхамедов Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Финалда жергілікті балуан Атабек Әзизбековпен белдескен ол, соңғы минутта төрт ұпайға қол жеткізіп алтын медаль иегері атанды.

Ол бұған дейін 2011 және 2016 жылдары өткен Азия чемпионаттарының қола жүлдегері болған.

Чемпионатта алғашқы «алтынды» Алмат Кебіспаев алса, 72 келіде өнер көрсетететін Демеу Жадыраев күміс медальді еншіледі.

Фото: sport.inform.kz