Тағы бір алтын медальді 2009 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері 67 келі салмақта өнер көрсететін Елена Шалыгина жеңіп алды. Ол да ақтық сында жапондық палуан Мами Шинкаидан басым түсті. Ал, 55 келі салмақты белдескен Айым Әбділдина финалда украиналық Наталья Синишинға ұтылып, алтын медальді уысынан шығарып алды. Азия чемпионы, 72 келі салмақта белдесетін Гүзел Манюрова да финалда болгариялық Станка Златевоға есе жіберді. Ал, 51 келі салмақта ел намысын қорғаған 2009 жылғы Азия чемпионы Татьяна Бакатюк украиналық Александра Когутқа ұтылып қалып, қола жүлдеден құр қалды.
12:26, 19 Шілде 2010
Күрес: Қазақстанның әйелдер құрамасы Бакудегі турнирде 2 алтын және 2 күміс медальді жеңіп алды
АСТАНА. Шілденің 19-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бакуде өткен күрестен Голден гран-при турнирінде Қазақстанның әйелдер құрамасы 2 алтын және 2 күміс медальді жеңіп алды. ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының мәліметінше,еркін күрестен 48 келі салмақта сынға түскен Азияның күміс жүлдегері Жұлдыз Ешімова финалда жапондық Аяно Судзукиді жеңіп, алтыннан алқа тақты.