Күрес түрлері федерациясы жыл үздіктерін марапаттап, пәтер берді

Фото: Фото: Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының 2024 жылдың қорытындысына арналған есеп беру конференциясы өтіп, жылдың үздіктері марапатталды.

Олардың арасында Демеу Жадыраев, Нұрғожа Қайпанов және Ислам Евловевке арнайы пәтер кілттері табысталды. 

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы 2024 жылдың үздіктері қатарында «Спорт ардагерлері», «Жыл спортшысы», «Үздік бапкер», «Жыл серпілісі», «Үздік төреші», «Үздік аймақтық федерация» және күрес түрлерін насихаттап, спортшыларымыздың ерен жетістіктері мен шеберліктерін елге сүйіншілеп жазып жүрген бірқатар журналисттер марапатталды. 

Фото: Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы

Ең әуелі спорт ардагерлері ҚР Туризм және спорт министрлігінің төсбелгілерін иеленді.

Олар: 

1. ҚР ЕСЖ Юн Виктор – «Дене шыныктыру пен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» 

2. ҚР ЕСЖ Жаксыбеков Саржан Бектемірұлы - «Еңбек ардагері»

3. ҚР ЕСЖ Гафаров Ильдар Имальевич – «Еңбек ардагері». 

4 Олимпиада дәрежесіндегі төреші - Бақытжан Жақсығұлов арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

Ал спортшылар арасында: 

«Жыл спортшысы» - Демеу Жадыраев - Олимпиада жүлдегері 

«Үздік бапкер» - Қонысбек Тукенов – U-20 аға бапкері 

«Жыл серпілісі» – Ризабек Айтмұхан - 2024 жылы 2 алтын медаль иеленген

«Үздік төреші» - Ксения Дробина – халықаралық дәрежедегі төреші 

«Үздік аймақтық федерация» - Жамбыл облысы – федерация президенті Алімбек Жұмабаев бар.

Фото: Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы

Сонымен қатар осы жылы әртүрлі додаларда ел қоржынына медаль салған 64 жүлдегер ақшалай сыйақыға ие болды. Сыйақы бас жаттықтырушыларға, аға бапкерлерге, дәрігерлер және медицина қызметкерлеріне де бұйырды.

Сол сияқты, 5 журналист федерация президентінің арнайы Алғыс хатын алды. 

Олар:

Күнсұлтан Отарбаей – «Казинформ» ХАА

Әнуар Абдрахманов – «Хабар 24» телеарнасы

Телжан Кудеров – «Қазспорт» телеарнасы

Альберт Ахметов – «Караван» газеті

Аслан Қаженов – «Хабар 24» телеарнасы.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін биыл күрес түрлерінен ел спортшылары қанша медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.