Олар Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша енгізілгелі отырған өзгерістер мен толықтыруларды талқылады. Заң жобасын әзірлеу Мемлекет басшысының «Қазақстан - 2050» стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдына қойылған дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және дене шынықтыру-сауықтыру объектілерін салу бойынша тапсырмаларды орындау қажеттілігіне негізделді.
Жиналыс барысында білікті бапкерлер мен спорт мамандары өз пікірлерін білдіріп аталған өзгерістерге қатысты қолдау танытты.
14:39, 28 Қазан 2016
Күрес түрлері федерациясы жаңа ережелерін талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясында жиын өтті. Аталған кездесуге Олимпиада ойындарының чемпиондары Жақсылық Үшкемпіров, Юрий Мельниченко, Нұрбақыт Теңізбаев, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице президенті Бауыржан Оспанов пен күрес түрлері бойынша білікті бапкерлер мен спорт мамандары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.