НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық Әлем чемпионатында еркін күрестен Нұрислам Санаев жартылай финалда жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Еркін күрестен 57 келіде ел намысын қорғап жатқан Нұрислам Санаев жартылай финалда түркиялық Сулейман Атлыдан ұтылып қалды. Енді ол тек қола медаль үшін ғана боз кілемге шығады.
Айта кетсек, Санаев осыған дейін ширек финалда колумбиялық Оскар Урбанодан айласын асырып, жартылай финалға өткен болатын. Сонымен қатар Токио Олимпиадасына жолдаманы да қоса жеңіп алды.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін 65 келі салмақта еркін күрестен Дәулет Ниязбеков күрес түрлерінен 2019 жылғы әлем чемпионатының финалына шыққан болатын.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.