Күрес түрлерінен әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандар белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иордания астанасы Амман қаласында өтетін күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүбірлі додада 14-20 тамыз аралығында өткізіледі. Оған еліміздің атынан грек-рим, еркін және әйелдер күресінен спортшылар қатысады.

Бапкерлер грек-рим күресінен Исхар Құрбаев (55 келі), Сайфулла Құрман (60 келі), Дінислам Сағитжан (63 келі),

Азиз Гасымов (67 келі), Елдос Камелов (72 келі), Олжас Ерғали (77 келі), Ислам Евлоев (82 келі), Нұрасыл Аманалы (87 келі), Нұртас Қыдырбай (97 келі) мен Джохар Узаров (130 келі) сынды балуандарға сенім артып отыр.

Ал еркін күрестен әлем чемпионатына Мерей Базарбаев (57 келі), Әбдінұр Нұрланбек (61 келі), Санжар Мұхтар (65 келі), Егор Анчугин (70 келі), Ерхан Бексұлтанов (74 келі), Мағжан Жанырбай (79 келі), Иманғали Қалдыбек (86 келі), Ризабек Айтмұхан (92 келі), Камиль Куруглиев (97 келі), Марлен Құрлысбек (125 келі) ел намысын қорғайды.

Сондай-ақ, әйелдер күресінен Лаура Ғаниқызы (50 келі), Алтын Шағаева (53 келі), Зейнеп Баянова (55 келі), Шұғыла Өмірбек (57 келі), Мәдина Аман (59 келі), Тыныс Дүбек (62 келі), Қорлан Аманова (65 келі), Жібекжан Сабыржанова (68 келі), Шәмшиябану Тастанбек (72 келі) мен Алина Ертөстік (76 келі) боз кілемге шығады.

Еске салсақ, Беларусь елінде өтіп жатқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ойындарында еркін күрестен ел қоржынына 4 жүлде түсті.