Аталған рейтингтік турнир Олимпиада чемпионы Имре Пойяк пен Янош Варганы еске алуға арналған. Байрақты бәсеке Сербия астанасы Белградтағы әлем чемпионатына дайындықтың соңғы кезеңі саналады.
«Жылына төрт рейтингтік турнир бекітілген. Қазірге дейін мұндай жарыстар Хорватия мен Египетте өткізілсе, енді ол Қырғызстанда жалғасып отыр. Төртіншісі шілде айында Венгрияда жалауын көтереді. Балуандар рейтингтік турнирлерде ұпай жинайды. Нәтижесінде қыркүйек айында Сербияда болатын әлем чемпионатында көп ұпай жинаған балуандар жартылай финал немесе финалға дейін бір-бірімен кездеспейді», - деді ҚР күрес федерациясы баспаөз қызметінің жетекшісі Аспандияр Есенжолов.
Сонымен, еркін күрестен боз кілемге шығатын балуандар:
Мейрамбек Қартбай, Абзал Окенов, Мұхамед Балғабай - 57 келі
Өсімжан Дастанбек, Асылжан Есенкелді, Владимир Кудрин - 61 келі
Санжар Мұхтар, Акбар Курбанов, Адлан Асқаров - 65 келі
Егор Анчугин, Сарбаз Талғат, Санжар Досжанов - 70 келі
Нұрлан Бекжанов, Нұрқожа Қайпанов, Дархан Есенғали - 74 келі
Данияр Қайсанов, Нұрдәулет Қуанышбай, Болат Сақаев - 79 келі
Есқали Дәулетқазы, Исламбек Ілиясов, Нұржан Исағалиев - 86 келі
Әкежан Айтбеков, Ризабек Айтмұқан - 92 келі
Нұрсұлтан Азов, Әлішер Ерғали, Бекзат Үркімбай - 98 келі
Юсуп Батырмурзаев - 125 келі.
Ал, әйелдер күресінен:
Марина Седнева - 55 келі
Ирина Кузнецова - 62 келі
Елена Шалыгина - 68 келі
Жәмила Бақбергенова - 72 келі
Гүлмарал Еркебаева - 76 келіде ел намысын қорғайды.
Грек-рим күресінен:
Аманғали Бекболатов, Марлан Мұқашев, Ерсін Абыйыр - 55 келі
Нұрсұлтан Базарбаев, Ернар Фидахметов, Айбек Сабырбеков - 60 келі
Дастан Зарлыханов, Мұқамедәли Мамырбек, Ержет Жарылқасын - 63 келі
Мерей Бекенов, Сұлтан Әсетұлы, Дінмұхамед Қошқар - 67 келі
Данияр Қаленов, Ибрагим Магомадов - 72 келі
Мақсат Ережепов, Қаһарман Қисметов, Азат Садықов - 77 келі
Диас Қален, Шамиль Батыров - 82 келі
Нұрсұлтан Тұрсынов, Евгений Поливадов, Азамат Қыстаубаев - 87 келі
Ерұлан Ысқақов, Олжас Сырлыбай - 97 келі
Антон Савенко мен Әлімхан Сыздықов - 130 келі салмақта сайысқа түседі.
Жалпы, биылғы мемориалға 600-ден астам бозкілем шебері жиналады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Elorda Cup бокс турнирінде еліміздің ерлер құрамасы 1-орын алды.