Дүйсенбіде өткен отырыстан соң UWW бюросы күрес түрлерінен 2021 жылғы әлем біріншілігі Башқұртстанның (Ресей) Уфа қаласында өтеді деп шешті.
Турнир 16-22 тамыз аралығында өтеді деп жоспарлануда. UWW мүшелері 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында Уфа қаласының кандидатурасын қолдаған болатын.
Турнирді өткізуге София және Белград қалалары да өтінім берді. Жасөспірімдер арасындағы дода Ресейде алғаш рет өткелі тұр.