Күрес түрлерінен әлем чемпионатына баратын қазақстандық балуандар анықталды
АСТАНА. KAZINFORM - Хорватия астанасы Загреб қаласында 13-21 қыркүйек аралығында өтетін күрес түрлерінен әлем чемпионатына баратын қазақстандық балуандар белгілі болды.
Бапкерлер бекіткен құрамда Олимпиада, әлем және Азия чемпионатында жүлде алған тәжірибелі балуандар бар. Олармен қатар түрлі жас санатындағы ірі жарыстарда жоғары орындардан көрінген жас спортшылар кірді.
Еліміздің атынан грек-рим күресінен Марлан Мұқашев (55 келі), Айдос Сұлтанғали (60 келі), Ержет Жарлықасын (63 келі), Дінмұхамед Қошқар (67 келі), Мерей Мәулетқанов (72 келі), Демеу Жадыраев (77 келі), Альмир Төлебаев (82 келі), Ислам Евлоев (87 келі), Рахат Бержанов (97 келі), Әлімхан Сыздықов (130 келі) сынға түседі.
Ал әйелдер күресінде Светлана Анкичева (50 келі), Зейнеп Баянова (53 келі), Зульфия Яхьярова (55 келі), Лаура Алмағанбетова (57 келі), Виктория Хусаинова (59 келі), Тыныс Дүбек (62 келі), Бейбіт Сейдуалы (68 келі), Жәмилә Бақбергенова (72 келі) және Эльмира Сыздықоваға (76 келі) үміт артамыз.
Сондай-ақ еркін күрестен Әділет Әлмұхамедов (57 келі), Асылжан Есенгелді (61 келі), Начын Куулар (65 келі), Нұрқожа Қайпанов (70 келі), Әлібек Әбдіқасым (74 келі), Болат Сақаев (79 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі), Камил Куруглиев (92 келі), Ризабек Айтмұхан (97 келі) және Әлішер Ерғали (125 келі) бозкілемге шығады.
Еске салсақ, Біріккен күрес әлемі (UWW) 2025 жылы Хорватияның Загреб қаласында өтетін әлем чемпионатына төрешілерді тағайындады. Ұйым жариялаған тізімге еліміздің атынан Игорь Лигай мен Ерік Жұмабеков енгізілді.