Күрес түрлерінен Азия құрлығының лицензиялық жарысының ресми ашылу салтанаты өтті

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен  Азия құрлығының лицензиялық жарысының ресми ашылу салтанаты өтті.

3 күнге жалғасатын бәсекеде 18 салмақ бойынша 40-қа жуық мемлекет 174 балуан 36 Олимпиада жолдамасын сарапқа салып жатыр. 

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Аталған турнирде Қазақстан атынан 16 балуан Олимпиада жолдамасына таласуда.

Бүгін бірінші болып еркін күрес шеберлері жарысты бастады. Алғашқы жарыс кұні Қазақстан құрамасынан бес балуан шығып, оның екеуі жарыс жолынан шығып қалса, үшеуі жартылай финалға шықты.

Енді 74 келі салмақта Нұрқожа Қайпанов, 97 келі салмақта Әлішер Ерғали және 125 келі салмақта Юсуп Батырмұрзаев жартылай финалда Олимпиада жолдамасы үшін белдеседі. 

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Айта кетейік, аталған турнирде Олимпиада жолдамасы тек финалға шыққан балуандарға беріледі. 

Фото: Спортты дамыту дирекциясы