АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін күрес түрлерінен Астана қаласында өтіп жатқан ел біріншілігінде грек-рим күресінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер толығымен анықталады.Бүгін боз кілемге 60 келі, 67 келі, 77 келі, 87 келі және 130 келі салмақ санатындағы балуандар өзара кім мықтыны анықтайды.
Ел біріншілігі елорда төрінде Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында өтіп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, кеше ел біріншілігінің алғашқы күні грек-рим шеберлері 55, 63, 72, 82 және Олимпиада бағдарламасына кіретін 97 келі салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салды.
Аталған ел біріншілігіне еліміздің 20 өңірінен 600-ден астам күрес шеберлері қатысуда.
Осы біріншілікте топ жарған балуандар Бішкекте (Қырғызстан) өтетін Азия аймақтық, Ыстанбұлда (Түркия) өтетін әлемдік іріктеу турнирінде бақ сынау мүмкіндігіне ие болады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.