Күрес түрлерінен ел біріншілігі: Еркін күрестен алғашқы жеңімпаздар анықталды

Фото: gov.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Астана қаласында күрес түрлерінен ересектер арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында еркін күрестен 5 салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Бүгін ересектер арасындағы күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатының төртінші күні боз кілемге еркін күрес шеберлері 5 салмақта кім мықтыны анықтады.

57 келі.
1-орын - Ерасыл Мұқтарұлы(Жетісу облысы)
2-орын - Рақат Қалжан (Жамбыл облысы)
3-орын - Мейрамбек Қартбай (Ақтөбе облысы)
3-орын - Асылжан Есенгелді (Түркістан облысы)

65 келі.
1-орын - Майс Алиев(Маңғыстау облысы)
2-орын - Мұқтар Санжар (Жамбыл облысы)
3-орын - Адлан Асқаров(Алматы облысы)
3-орын - Начын Куулар (Шымкент қаласы)

74 келі.
1-орын - Нұрқожа Қайпанов (СҚО)
2-орын - Талғат Сырбас(Атырау облысы)
3-орын - Елдос Қуанышбай(Жамбыл облысы)
3-орын - Марат Жақыпов(Ақмола облысы)

86 келі.
1-орын - Нұржан Исағалиев (БҚО)
2-орын - Нұрдаулет Қуанышбай (Жамбыл облысы)
3-орын - Наурыз Ахметханов (Маңғыстау облысы)
3-орын - Жігер Зәкіров Алматы облысы)

92 келі.
1-орын - Әділет Даулымбаев (Алматы қаласы)
2-орын - Есқали Дәулетқазы (Алматы облысы)
3-орын - Нұрдәулет Бекенов (Шымкент қаласы)
3-орын - Исламбек Ильясов (Павлодар облысы)

Ел біріншілігі даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында өтіп жатыр.

Ұлттық біріншілікте еліміздің 17 облысы мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан 600-ден астам күрес шеберлері қатысып жатыр.