НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қос қазақстандық балуан Нилуфар Раимова мен Диана Каюмова Норвегия астанасы Ослода күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлде үшін белдесуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандықтарды жеңген балуандар финалға жолдама алды.
Сондықтан 7 қазан күні Н.Раимова 57 келіге дейін, Д.Каюмова 59 келіге дейінгі салмақта жұбаныш белдесулеріне шығады.
Екеуінің де қарсыластары – моңғолиялық спортшылар. Н.Раимова Даваачимег Эрхэмбаяр, Д.Каюмова Шоовдор Баатарджавпен күреседі.
Бұған дейін Ослода қазақстандық еркін күрес шеберлері жүлдесіз қалған болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық балуан Жәмила Бақбергенованың әлем чемпионатының финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Осылайша Ж.Бақбергенова Ослода Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салып отыр. 7 қазан күні ол финалда жапониялық Масако Фуруичимен алтын медаль үшін таласады.
Сондай-ақ Италияда қазақстандық дзюдошы жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).