Күрестен Қазақстан чемпионатында алғашқы жүлдегерлер анықталды

None
АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Шымкентте күрестен Қазақстанның чемпионаты басталды, деп хабарлады Vesti.kz.

Жарыстың бірінші күні 55, 66, 84 және 120 килограмм салмақ санаттары арасында грек-рим күресі бойынша кездесулер өткені туралы Қазақстанның Күрес федерациясының ресми сайтында хабарланды.

Ең жеңіл салмақ финалында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жамбыл облысынан Жансерік Сарсенбиев және Алматы облысынан Бекжан Мырзалиев кездесті. Екі кезеңде Сарсенбиев күштірек болып шықты. «Ел чемпионатының алдында бірнеше халықаралық жарыстарға қатысуым маған қосымша тәжірибе берді және сол себепті мен осы жерде бәсекелестерімді ұттым деп ойлаймын», - деп атап өтті Ж.Сарсенбиев.

66 килограмм салмақ санатында 35 адам, оның ішінде Азия чемпионатының жүлдегері Эльдар Қайратов қатысты. Алайда ол финалға өте алған жоқ. Шешуші айқаста кілем иесі Асхат Жаңбыров Ақтөбе өкілі Нұрдаулет Елмұратовтан үстем болды.

84 килограмм салмақтағы басты таңғаларлық оқиға фактісі ел көшбасшыларының бірі - Алхазур Оздиевтің финалға шығу жекпе-жегінде Нұрсұлтан Тұрсыновтан жеңіліс тапқаны болды. Шешуші кездесуде Тұрсынов Андрей Самохиннен жеңілді. «Мен күресте жаңа өмір бастап келем, және оны мен чемпиондықтан бастауым керек болды деп есептеймін. Даниял Гаджиевтің болмағаны өкінішті, бірақ мен халықаралық турнирлерде әлі-ақ ең мықтыны анықтай аламыз деп ойлаймын»,- деген А.Самохин жеңістен кейін ойымен бөлісті.

Ең ауыр 120 килограмм салмақ санатында алтын медальді таяуда ғана жасөспірімдер разрядынан ересектерге өткен Еркін Шәйкенов қанжығасына байлады.