АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Макон қаласында күрес түрлері бойынша өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының үшінші күні Қазақстан қоржынына тағы бір күміс медаль түсті.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Бақытбек Хамиттің хабарлағанындай, қыздар күресі бойынша Светлана Анкичева 44 келі салмақта күміс жүлдегер атанды. Қазақстандық палуан алғашқы белдесуінде тайпейлік қарсыласын 10:0 есебімен таза жеңсе, сосын үндістандықты 8:3 есебімен қапы қалдырды. Содан кейін ресейлікті 4:2 есебімен ұтқанымен, финалда ғана қарсыласына есе жіберді.
Еске сала кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен батысқазақстандық палуан Қаһарман Қисметов 66 келі салмақта соңғы белдесуге дейін жетіп, күміс жүлдені иеленген болатын. Ал оның алдында тағы бір қазақстандық Темірлан Шадукаев грек-рим күресінен 74 келі салмақта жастар арасындағы әлем біріншілігінің алтын медалін жеңіп алған еді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).