Аптап ыстықтың жалғасуы және жауын-шашынның болмауы Аньхой, Хунань, Гуйчжоу, Цзянси, Хубэй және Чжэцзян провинцияларының шаруашылықтарына елеулі зиян келтірді.
Қытайдағы құрғақшылықтан келген экономикалық залал шамамен 6,5 млрд. долларға бағаланып отыр. 900 мың гектар алқаптың егістігі күйіп кетті. Әсіресе Хунань және Гуйчжоу провинцияларында жағдай ауыр.
Су тасқынымен және құрақшылықпен күрес жөніндегі мемлекеттік штаб жергілікті өкімет орындары мен ведомстволардан осы жылғы шілдеден бері алапат құрғақшылыққа ұшыраған аудандарды ауызсумен қамтамасыз етудің пәрменді шараларын қолға алуды талап етті.