Құрғақшылықтан сақтандыруға өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда құрғақшылықтан индексті сақтандыруға өтінімдерді қабылдау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Фермерлер 30 сәуірге дейін сақтандыру мүмкіндігін алды. Фермерлер атынан өтінімдер қабылдау мерзімін кейінге қалдыру туралы ұсынысты «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жасады. Осындай бастаманы бірнеше қазақстандық сақтандыру компаниялары да көтерген болатын», - делінген Қазақстан Ауылшаруашылық сақтандыру қауымдастығы баспасөз қызметі мәліметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, фермерлердің өтініш беру мен егіндерін құрғақшылықтан сақтандыру мүмкіндігі тек 15 сәуірге дейін болған.

Алайда Қорға фермерлерден түскен өтініштердің көбі мерзімдерді ұзартумен байланысты болғандықтан, осы мәселе шешімін тапты.


Соңғы жаңалықтар