Сарай Ирактың солтүстігіндегі Мосул су қоймасының түбінен табылды. Қазба жұмыстарын жүргізу құрғақшылық салдарынан су деңгейінің түсіп кетуінен кейін ғана мүмкін болды. Бұған дейін ол су астында жатқан. Сарай шамамен біздің эрамызға дейінгі ІІ ғасырға тиесілі.
Археолог Ивана Пульиз анықтағандай, ғимарат қабырғасынан қызыл және көк түсті суреттер, жазбалар, кірпіш плиткалар табылды. Құрылыс кешені біздің эрамызға дейінгі XV-XIV ғасырлардағы Митанни патшалығына жататыны белгілі болды.
«Митанни патшалығы көне шығыс мемлекеттерінің ішіндегі аз зерттелген елдердің қатарында. Сондықтан сарайдың ашылуы үлкен ғылыми мәнге ие», - деп санайды Пульиз.