Курил аралдарын бөлісу мәселесін енді РФ Президенті Д. Медведев жалғастырмақ

МӘСКЕУ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат – Владимир Путиннің Токиоға сапары жапондықтарға аумақтық дауды шешуге,

ал Ресей үшін бірқатар тиімді келісімшарттар жасасуға деген үміт отын тұтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап. Жапонияға жасаған сапары барысында ресейлік премьер Курил аралдарын бөлу және олардың үш жарымын Жапонияға беру нұсқасы алдағы келіссөздерде қаралатынын хабарлады. Осы мәселедегі эстафетаны Дмитрий Медведевке берді, ол жапондық премьер Таро Асомен «сегіздік» саммитінде кездесетін болады.