Шекарашылар теңізге жағалаудан 500 метр қашықтықта тұрған кемеге отыру үшін резеңке қайыққа мініп, теңізге шыққан, алайда, олар отырған қайық аударылып қалған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. Оқиға 24 қаңтар күні кешкі сағат сегіздер шамасында орын алған. Резеңке қайыққа мінген аталмыш ұйым қызметкерлері шекарашылар кемесіне жетіп алмақ болған. Алайда, теңіз толқыны қайықты аударып жіберген. Әзірге олардың құтқару сауыттарын киген-кимегені белгісіз. Қайық аударылған кезде теңіз толқынының ауқымдылығы бір метрден аспаған, дауыл да болмаған. Қазіргі сәтте қаза болған төрт адамның мүрдесі табылды, алты адам әлі іздестіріліп жатыр. «Теңіздегі көптеген ағымдар оларды алысқа ағызып әкетуі мүмкін», - деген болжам бар.
10:30, 25 Қаңтар 2014
Курил аралдарында Ресей Федералдық Қауіпсіздік Қызметінің қызметкерлері теңізге батып кетті
АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Ресейдің Федералдық Қауіпсіздік Қызметінің Сахалин шекара басқармасының он қызметкері Курилдің Кунашир аралының маңында суға батып кетті.