Курильде 4,4 баллдық зілзала болды

АСТАНА. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат - Рихтер шкаласы бойынша тербелісі 4,4 баллдық зілзала Тынық мұхитында Куриль аумағындағы Парамушир аралдарында болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РАТА-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Цунами туралы ескерту жасалмаған.

Жерасты дүмпуі жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 09:29-да тіркелді. Зілзаланың кіндігі аралдың және Солтүстік-Куриль қаласының оңтүстік-шығысына қарай 142 шақырым қашықтықта 5 шақырым тереңдіктегі теңіз түбінде орналасқан.