Куриль маңында ресейлік траулер апатты жағдайға ұшырады

АСТАНА. Желтоқсанның 9-ы. ҚазАқпарат - Куриль аумағындағы Шиашкотан аралында «Антей» ресейлік траулерінің бүйірі тесіліп, апатты жағдайға ұшырады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Апатты жағдайда қалып отырған траулерге «Преданный» құтқару кемесі көмекке келді. Жағдайды құтқарушылар бақылауға алды. Кеме Солтүстік Курильге бағыт алды.