Құрылтай-2026: 4,6 млн-нан астам азамат дауыс берді

АСТАНА. KAZINFORM – Құрылтай депутаттарын сайлауында дауыс берушілер тізіміне енгізілген 4 670 816 адам таңдау жасады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндік айтты.

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Оның мәліметінше, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 12:00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынадай:

1. Астана қаласы бойынша – 35,28%.

2. Абай облысы бойынша – 38,51%.

3. Ақмола облысы бойынша – 39,57%.

4. Ақтөбе облысы бойынша – 42,53%.

5. Алматы облысы бойынша – 39,05%.

6. Атырау облысы бойынша – 35,84%.

7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 35,49%.

8. Жамбыл облысы бойынша – 35,54%.

9. Жетісу облысы бойынша – 47,29%.

10. Қарағанды облысы бойынша – 40,56%.

11. Қостанай облысы бойынша – 34,72%.

12. Қызылорда облысы бойынша – 4759%.

13. Маңғыстау облысы бойынша – 34,68%.

14. Павлодар облысы бойынша – 35,74%.

15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 38,13%.

16. Түркістан облысы бойынша – 43,14%.

17. Ұлытау облысы бойынша – 34,93%.

18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 41,89%.

19. Алматы қаласы бойынша – 17,87%.

20. Шымкент қаласы бойынша – 41,60%.

- Жалпы, еліміз бойынша сағат 12:00-де 4 670 816 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 37,05 пайызын құрады. Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 14:00-де беріледі, - деді ол.

Бүгін еліміздің барлық өңірінде Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Дауыс беру 10 423 сайлау учаскесінде өтеді.


Фото: Kazinform