Оның мәліметінше, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 16:00–дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынадай:
1. Астана қаласы бойынша — 46,38%.
2. Абай облысы бойынша — 71,18%.
3. Ақмола облысы бойынша — 73,69%.
4. Ақтөбе облысы бойынша — 75,63%.
5. Алматы облысы бойынша — 67,23%.
6. Атырау облысы бойынша — 63,37%.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша — 61,81%.
8. Жамбыл облысы бойынша — 69,11%.
9. Жетісу облысы бойынша — 77,03%.
10. Қарағанды облысы бойынша — 70,91%.
11. Қостанай облысы бойынша — 70,09%.
12. Қызылорда облысы бойынша — 81,38%.
13. Маңғыстау облысы бойынша — 65,86%.
14. Павлодар облысы бойынша — 67,06%.
15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша — 63,94%.
16. Түркістан облысы бойынша — 76,73%.
17. Ұлытау облысы бойынша — 64,29%.
18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша — 79,33%.
19. Алматы қаласы бойынша — 36,65%.
20. Шымкент қаласы бойынша — 67,92%.
— Жалпы, еліміз бойынша сағат 16:00–де 8 240 336 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 65,37 пайызын құрайды. Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 18:00–де беріледі, — деді ол.
Құрылтай сайлауына қатысты барлық жаңалықпен мына сілтемеге өтіп оқи аласыздар. Елімізде тарихи Құрылтай сайлауында 145 депутаттық мандатқа «Әділет», ЖСДП, «Байтақ», ҚХП, «Ауыл» партиясы, «Ақ жол» және Respublica — барлығы 7 партиядан 545 кандидат тіркелген.