Құрылтай-2026: Атырау облысында келіндер дауыс берді

АТЫРАУ. KAZINFORM — Қызылқоға ауданындағы № 147 сайлау учаскесіне бір топ келін арнайы келіп, дауыс берді.

Фото: Атырау облысы әкімдігі

Олардың айтуынша, сайлауға қатысу — әр азаматтың конституциялық құқығы ғана емес, ел болашағына деген жауапкершілігі. Сондықтан олар маңызды саяси науқаннан шет қалмай, азаматтық ұстанымдарын білдіруге шешім қабылдаған.

Фото: Атырау облысы әкімдігі

— Бүгін біз бір топ келін болып сайлауға бірге келдік. Әрқайсымыздың таңдауымыз маңызды деп ойлаймыз. Елдің ертеңі, балаларымыздың болашағы үшін азаматтық міндетімізді орындап, дауыс бердік. Ел аман, жұрт тыныш болсын. Еліміздің болашағы жарқын болсын, — деді келіндердің бірі.

Осылайша, бірлік пен татулықты ту еткен әйелдер қауымы азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті.

№ 147 сайлау учаскесінде дауыс беру үдерісі штаттық режимде жалғасып жатыр.