Оның мәліметінше, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 14:00–дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынадай:
1. Астана қаласы бойынша — 40,92%.
2. Абай облысы бойынша — 63,07%.
3. Ақмола облысы бойынша — 61,15%.
4. Ақтөбе облысы бойынша — 60,87%.
5. Алматы облысы бойынша — 54,57%.
6. Атырау облысы бойынша — 54,49%.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша — 50,21%.
8. Жамбыл облысы бойынша — 50,58%.
9. Жетісу облысы бойынша — 62,89%.
10. Қарағанды облысы бойынша — 62,79%.
11. Қостанай облысы бойынша — 55,86%.
12. Қызылорда облысы бойынша — 64,22%.
13. Маңғыстау облысы бойынша — 50,65%.
14. Павлодар облысы бойынша — 54,01%.
15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша — 58,63%.
16. Түркістан облысы бойынша — 57,72%.
17. Ұлытау облысы бойынша — 53,31%.
18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша — 61,10%.
19. Алматы қаласы бойынша — 30,36%.
20. Шымкент қаласы бойынша — 55,32%.
— Жалпы, еліміз бойынша сағат 14:00–де 6 696 002 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 53,12 пайызын құрайды. Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 16:00–де беріледі, — деді ол.
Шавкат Өтемісовтің айтуынша, азаматтардың уақытша болу орындарындағы 305 учаскеде дауыс беру аяқталды.
Құрылтай сайлауына қатысты барлық жаңалықпен мына сілтемеге өтіп оқи аласыздар. Елімізде тарихи Құрылтай сайлауында 145 депутаттық мандатқа «Әділет», ЖСДП, «Байтақ», ҚХП, «Ауыл» партиясы, «Ақ жол» және Respublica — барлығы 7 партиядан 545 кандидат тіркелген.