Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгі табыстады.
Өз сөзінде ол бұған дейін «Әділет» партиясының Саяси кеңесі Бюросының шешімі Орталық сайлау комиссиясына жолданғанына тоқталды. Аталған шешімге сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутатының бос мандаты партиялық тізімге енгізілген Гүлнар Тойлыбаеваға берілген.
— Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 44-бабына сәйкес Құрылтай депутатының өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясы оны депутат ретінде тіркеген сәттен басталады. Сіздің мол кәсіби тәжірибеңіз елдегі заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді органда тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретініне сенімдімін, — деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.
Еске салайық, 2026 жылғы 7 қазанда Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылғанын хабарлаған едік. Артынша Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Бұған дейін «Әділет» партиясы Құрылтай депутатының бос мандатына кандидатура ұсынғанын жазғанбыз.