Www.inform.kz ресми сайты, әлеуметтік желілердегі және мессенджерлердегі аккаунттары (бұдан әрі – Интернет-ресурстар) бар «Қазақпарат»-«Казинформ» халықаралық ақпарат агенттігінің меншік иесі Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Кәсіпорын) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттарының партиялық тізімдерін ұсынған және тіркеген саяси партияларға (бұдан әрі – Саяси партия) Интернет-ресурстарда үгіт материалдарын орналастыру шарттары, төлеу мөлшері және сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) орналастыру үшін мүмкіндіктер беру тәртібі туралы хабарлайды.
Сайлау алдындағы үгіт партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады. Осылайша, Үгіт материалдарын Интернет-ресурстарға орналастыру 2026 жылғы 23 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін жүзеге асырылады және 2026 жылғы 22 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00–де аяқталады.
Үгіт материалдарын Интернет-ресурстарға орналастыру Кәсіпорын мен партиялық тізімдерді ұсынған Саяси партия немесе Саяси партияның уәкілетті тұлғасы арасында жасалатын жазбаша шарт негізінде жүзеге асырылады. Үгіт материалдарын Интернет-ресурстарға орналастыру қолда бар техникалық мүмкіндіктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Материалдарды Интернет-ресурстарға орналастыруға шарт жасасуға Саяси партияның не оның уәкілетті өкілінің Кәсіпорын басшылығының атына жазбаша өтініші негіз болып табылады. Үгіт материалдарын орналастырудың саны, көлемі, болжанатын күні және өзге де параметрлері мен аспектілері Саяси партияның не оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, олар кейіннен шарттың талаптарымен бекітіледі.
Өтініш Саяси партиялардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмірі мен келіп түскен күнін беру арқылы тіркеледі.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) партиялық тізімнің ұсынылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
2) Саяси партияның уәкілетті өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
4) шарт жасасу үшін адамның өкілеттігін растайтын құжаттар (сенімхат).
Саяси партиялардың Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен не егер өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді. Жеребені өткізу тәртібі мен шарттарын Кәсіпорын айқындайды.
Үгіт материалдарына қойылатын техникалық талаптар тарифтерге қосымшада көрсетілген. Үгіт материалдарында осы материалдарды шығарған ұйым, тапсырыс берген тұлғалар, сондай-ақ қаржыландыру көздері туралы мәліметтер болуға тиіс.
Үгіт материалдарын ұсынған Саяси партиялар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.
Үгіт материалдарында конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этникалық, діни басымдық немесе алауыздық, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну, заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құралымдар құру идеялары болса, сондай-ақ оларда басқа саяси партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда, Кәсіпорын Үгіт материалдарын орналастырудан бас тартады.
Үгіт материалдары Кәсіпорынға сайлау алдындағы үгіттің бірінші күнінде жазбаша өтініш берген күнінде, Интернет-ресурста орналастырылғанға дейін 6 сағаттан кешіктірілмей, ал келесі күндері – Интернет-ресурста болжамды орналастырылғанға дейін кемінде күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын ұсынылуға тиіс.
Үгіт материалымен бір мезгілде: Кәсіпорынмен шартқа қол қоюға уәкілетті тұлға қол қойған Үгіт материалының мазмұны болып табылатын мәтіннің толық жазылуы, бейнелері Үгіт материалдарында пайдаланылған тұлғалардың жазбаша рұқсаттары, ал олар қайтыс болған жағдайда – мұрагерлердің жазбаша рұқсаттары, Үгіт материалдарында кәмелетке толмаған балалардың бейнелері пайдаланылған жағдайда – заңды өкілдердің жазбаша рұқсаттары ұсынылады.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген талаптар мен тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған жағдайда Үгіт материалдарын орналастыру жүргізілмейді не бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Үгіт материалдарын Интернет-ресурстарға орналастыру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.
1. Электрондық баннерлер нысанында Үгіт материалдарын орналастыру
№ | Қызмет атауы | Сипаттама | Техникалық талаптар | Өлш. бірлігі | ҚҚС-пен құны, теңгемен |
1 | Басты беттегі баннер (А1+В2) | Desktop + Mobile | 1180 х 120 px (Desktop) 408*120 px (Mobile) | Тәулік | 200 000 |
2 | Басты беттегі баннер (А2+B3) | Desktop + Mobile | 1180 х 120 px (Desktop) 408*120 px (Mobile) | Тәулік | 200 000 |
3 | Басты беттегі баннер (А3+B4) | Desktop + Mobile | 1180 х 120 px (Desktop) 408*120 px (Mobile) | Тәулік | 200 000 |
4 | Басты беттегі баннер (А4) | Desktop | 780 х 120 px | Тәулік | 150 000 |
5 | Басты беттегі баннер (А5) | Desktop | 780 х 120 px | Тәулік | 100 000 |
6 | Басты беттегі баннер (А6) | Desktop | 780 х 120 px | Тәулік | 100 000 |
7 | Басты беттегі баннер (А7) | Desktop | 300*300 px | Тәулік | 150 000 |
8 | Басты беттегі баннер (А8) | Desktop | 1180 х 120 px | Тәулік | 100 000 |
9 | Басты беттегі баннер (А9) | Desktop | 1180 х 120 px | Тәулік | 50 000 |
10 | Мақала бетіндегі өтпелі баннер (А10) | Desktop | 300*300 px | Тәулік | 200 000 |
2. Үгіт материалдарын сайтта фото, бейне сүйемелдеуімен мәтіндік материалдар нысанында орналастыру
№ | Қызмет атауы | Сипаттама | Өлш. бірлігі | ҚҚС есебімен бағасы |
1 | PR белгісіз бір тілде материал орналастыру | Бос орындары бар 2500 таңбаға дейін + 4 фотосуретке дейін. Әрбір қосымша белгі - 100 теңге, бірақ 250 қосымша белгіден аспайды. қосымша фото-5 000 теңге Фотосурет форматы: 16:9, JPG, JPEG, PNG. Көлемі 1 Мб аспайды. | қызмет | 300 000 |
2 | PR белгісіз бір тілде материал орналастыру | Бос орындары бар 5000 таңбаға дейін + 4 фотосуретке дейін. Әрбір қосымша белгі - 100 теңге, бірақ 500 қосымша белгіден аспайды. қосымша фото-5 000 теңге Фотосурет форматы: 16:9, JPG, JPEG, PNG. Көлемі 1 Мб аспайды. | қызмет | 550 000 |
3 | PR белгісіз бір тілде материал орналастыру | Бос орындары бар 15000 таңбаға дейін. Әрбір қосымша белгі - 100 теңге. Фото шектеусіз Фотосурет форматы: 16:9, JPG, JPEG, PNG. Көлемі 1 Мб аспайды | қызмет | 850 000 |
4 | Бір тілде материал дайындау | Бос орындары бар 5000 таңбаға дейін. Әрбір қосымша белгі - 40 теңге | қызмет | 100 000 |
5 | Материал ішінде бейнеролик орналастыру | Ұзақтығы 10 минутқа дейін. Қосымша минут -5000 теңге Бейне форматы: H264 mp4 формат, 1080p, progressive, битрейд 5Mbps төмен емес | қызмет | 50 000 |
6 | Материалды басты беттегі блокта бекіту | 1 сағат | қызмет | + 25% |
3. Үгіт материалдарын әлеуметтік желілердегі және мессенджерлердегі аккаунттарда орналастыру
№ | Қызмет атауы | Сипаттама | Тілдік нұсқа | Өлш.бірлігі | ҚҚС-пен құны, теңге |
1 |
Facebook-та пост орналастыру |
Бос орындары бар 1000 таңбаға дейінгі мәтін. Әрбір қосымша белгі - 100 теңге. Бейне форматы: MP4 және MOV портреті (толық экран) Арақатынасы мен ажыратымдылығы: 9:16 ұсынылған ажыратымдылық 1080 x 1920 Файл өлшемі: 200-ден 500 МБ-қа дейін. Ұзақтығы: 10 секундтан 1 минутқа дейін Фотосурет форматы: көлденең сурет 4:5, шаршы 1:1. Ажыратымдылық: 1080×1350 пиксель, шаршы 1080×1080 пиксель. | орыс нұсқа | қызмет | 70 000 |
| қазақ нұсқа | 20 000 | ||||
2 | Instagram-да пост орналастыру | Бос орындары бар 1000 таңбаға дейінгі мәтін. Әрбір қосымша белгі - 100 теңге. Бейне форматы: MP4 және MOV портреті (толық экран) Арақатынасы мен ажыратымдылығы: 9:16 ұсынылған ажыратымдылық 1080 x 1920 Файл өлшемі: 200-ден 500 МБ-қа дейін. Ұзақтығы: 10 секундтан 1 минутқа дейін Фотосурет форматы: көлденең сурет 4:5, шаршы 1:1. Ажыратымдылық: 1080×1350 пиксель, шаршы 1080×1080 пиксель | орыс нұсқа | қызмет | 200 000 |
қазақ нұсқа | 100 000 | ||||
3 | Telegram-да пост орналастыру** | Бос орындары бар 1000 таңбаға дейінгі мәтін. Әрбір қосымша белгі - 100 теңге. Бейне форматы: MP4 және MOV портреті (толық экран) Арақатынасы мен ажыратымдылығы: 9:16 ұсынылған ажыратымдылық 1080 x 1920 Файл өлшемі: 200-ден 500 МБ-қа дейін. Ұзақтығы: 10 секундтан 1 минутқа дейін Фотосурет форматы: көлденең сурет 4:5, шаршы 1:1. Ажыратымдылық: 1080×1350 пиксель, шаршы 1080×1080 пиксель | орыс нұсқа | қызмет | 100 000 |
қазақ нұсқа | 75 000 | ||||
* | Facebook/Instagram әлеуметтік желілерінде стористерді орналастыру құны тиісті пост құнының 50% құрайды | ||||
** | Материалды «Қазақпарат» ХАА Telegram аккаунтына орналастыру «Қазақпарат» ХАА сайтында тиісті материал орналастырылған кезде ғана жүзеге асырылады | ||||
Үгіт материалдарын орналастыруға арналған шарт бойынша төлем шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Кәсіпорын ұсынған төлем шоты негізінде жүзеге асырылады.
Кәсіпорын жазбаша өтініштерді 2026 жылғы 23 шілдеден бастап 2026 жылғы 18 тамызды қоса алғанда, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 09.00-дан 18.00 минутқа дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, Астана қаласы, Ақмешіт көшесі 3 мекенжайы бойынша 6 қабат, 606 кеңседе, 570269 (ішкі 620) телефон арқылы қабылдайды.
Факсимильді және интернет байланысы арқылы жазбаша өтініштер қабылданбайды.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» ШЖҚ РМК