Сонымен қатар тұрғындарды Құрылтай сайлауы жөнінде кеңінен ақпараттандыру мақсатында заманауи әрі креативті ақпараттық құралдар пайдаланылады.
— Атап айтқанда, халық көп шоғырланатын 50 қоғамдық көлік аялдамасына диодты жарық шамдары бар баннерлер орнатылды. Қала аумағында қатынайтын автобустардың ішінде 200 ақпараттық флаер қойылады. Сонымен қатар сауда нысандарының LED экрандарында, Қызылорда әуежайы мен автовокзалында, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығында аудио және бейнероликтердің тұрақты ротациясы жүргізіліп келеді, — делінген хабарламада.
Қаланың көрікті нысандарының бірі саналатын дөңгелек шолу аттракционынан Құрылтай сайлауына арналған бейнероликтерді тамашалауға болады.
Ал бұған дейін Құрылтай сайлауына байланысты Қызылорда облысында жедел әрекет ету орталығының 109 бірыңғай байланыс орталығы диспетчерлік қызметін бастады.