Павлодар облысында Құрылтай депутаттарының сайлауы 522 сайлау учаскесінде өтеді деп жоспарланған.
- Сайлау уақытында барлығы 536 сайлау комиссиясы жұмыс істейтін болады. Оларда 3,4 мыңнан комиссия мүшелері бар. 21 сайлау учаскесінің қолжетімділігі шектеулі болады. Яғни оларға бас бостандығынан айыру орындары, уақытша ұстау изоляторлары, ауруханалар мен санаторийлер жатады, - деп хабарлады Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнар Аманжолова.
Әкімдіктер жасап жатқан тізімге дауыс беруге құқығы бар және сайлау өтетін сәтте 18 жасқа толған Қазақстанның барлық азаматы енгізіледі. Азаматтың тізімде бар-жоғын және оның деректерінің дұрыс көрсетілгенін тіркелген жері бойынша сайлау учаскесінде тексеруге болады.
Сайлаушылар мұны 7 тамыздан бастап анықтай алады.
Қазіргі уақытта облыстық аумақтық комиссияның барлық 98 мүшесі кезең-кезеңімен оқытудан өткен. Тамыз айында мұндай дайындықтан учаскелік комиссия мүшелері де өтеді.
Еске сала кетейік, Құрылтай депутаттарының сайлауына тағы 10 халықаралық байқаушы аккредиттелді.