Құрылтай сайлауы: СҚО-да 543 сайлау учаскесі жұмыс істейді

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM - Солтүстік Қазақстан облысында сайлау науқанына 3 мыңнан астам комиссия мүшесі жұмылдырылады.

فوتو: مۋحتور حولدوربەكوۆ / Kazinform

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, өңірде 543 сайлау учаскесі болса, олардың 92-сі Петропавлда орналасқан. Сонымен қатар өңірде 13 жабық сайлау учаскесі бар. Олар әскери бөлімдерде, медициналық мекемелерде және азаматтардың уақытша болу орындарында ашылған.

Сайлау науқаны барысында 558 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның ішінде 15 аумақтық және 543 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Жалпы сайлау науқанына 3 196 комиссия мүшесі қатысады.

Сайлаушылар тізімі әзірге белгісіз. Заңнамаға сәйкес дауыс беру 20 күн бұрын, яғни тамыздың 2-күні әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдері акт бойынша учаскелік сайлау комиссиясына ұсынылады. Нақты қанша сайлаушы бары сол күні белгілі болады.

Ал 7 тамыздан бастап азаматтар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгені туралы мәліметпен таныса алады. Ол үшін өздерінің тіркелген сайлау учаскесіне барып, деректерінің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік беріледі.

Бұған дейін Құрылтай депутаттарының сайлауына тағы 10 халықаралық байқаушы аккредиттелгенін жазған едік.