— Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» демократиялық партиясын, «Ауыл» партиясын, «Әділет» саяси партиясын, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияны, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы, Қазақстан халық партиясын және «Respublica» партиясын Құрылтай депутаттарының сайлауына қатыстыру туралы қаулылар қабылдады, — деді ОСК төрағасы.
Айта кетейік, Нұрлан Әбдіров Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды.
Сонымен қатар Құрылтай сайлауына дайындықтың күнтізбелік жоспары таныстырылды.