Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 13 шілде сағат 18:00–де аяқталды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов мәлімдеді.
Оның айтуынша, ОСК-ға жеті саяси партияның партиялық тізімдері ұсынылған. Атап айтқанда:
— « Ақ жол» демократиялық партиясы — 63 кандидат;
«Ауыл» партиясы — 69 кандидат;
— «Әділет» саяси партиясы — 186 кандидат;
— «Байтақ» жасылдар партиясы — 47 кандидат;
— Қазақстан халық партиясы — 72 кандидат;
— Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы — 33 кандидат;
— Respublica партиясы — 76 кандидат.
Осылайша, партиялық тізімдерге барлығы 546 кандидат енгізілді.
— Қазір барлық партия ұсынған құжаттар кандидаттардың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілді. Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркеу 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:00–де аяқталады, — деді ОСК хатшысы.
Айта кетейік, бұған дейін Құрылтай депутаттарын сайлау науқанында БАҚ пен онлайн-платформаларға қойылатын талаптар жарияланған еді.