— Құрылтай Регламентінің 8-бабында сессия ішінде өңірлерге кемінде 2 сапар болуы керектігі жазылған. Демек, қыркүйектің басынан маусым айына дейін әр депутат кемінде 1 рет өңірлерге сапар жасайды, — деді ол.
Оның мәліметінше, жоғары заң шығарушы органға өткен партиялар депутаттарын өңірлерге бөледі. Бұл жайында ақпарат халыққа жеткізіледі.
— Тұрғындар қай депутаттың қай өңірге бекітілгенінен хабардар болады, — деді Константин Петров.
Ол Құрылтай депутаттарының өңірлерге сапары жария түрде жүргізілетінін айтты.
— Әрине, кездесулер түрлі форматта болады. Жеке қабылдаулар да, еңбек ұжымдарымен кездесулер де ұйымдастырылады. Ешқандай шектеу жоқ, — деді Құрылтай депутаты.
Айта кетейік, жоғары заң шығарушы органның бүгінгі отырысында Құрылтай Регламенті бекітілді. Құжатта депутаттардың Премьер-министрге, Үкімет мүшелеріне, бірқатар басқа мемлекеттік органдардың басшыларына және өңір әкімдеріне сауал жолдауы құқығы көзделген.