Құрылтайдың бірінші айдағы жұмысы: қанша заң қабылданды

АСТАНА. KAZINFORM — Құрылтайдың бірінші айдағы жұмысы қорытындыланды.

Фото: Kazinform

Осы уақыт ішінде Құрылтай регламенті қабылданып, оның құрылымы қалыптасты. Қоғамдық палата мен Қоғамдық қабылдау жұмысы басталды, сондай-ақ азаматтармен өзара байланыс тетіктері құрылды.

Фото: telegram.org/quryltairesmi

Қазіргі уақытта Құрылтайдың қарауында 44 заң жобасы бар. 6 заң қабылданып, 57 депутаттық сауал жолданды.

Фото: telegram.org/quryltairesmi

Қоғамдық қабылдау бөлімі азаматтардың 154 өтінішін қарады.

Фото: telegram.org/quryltairesmi

Айта кетейік, Құрылтай депутаты Юрий Ли Қазақстанның қаржы нарығында қызмет көрсетуге лицензиясы жоқ шетелдік инвестициялық жобаларды насихаттайтын материалдардың қазақстандық интернет-ресурстарда жүйелі түрде жарияланып жатқанын мәлімдеді.

Фото: telegram.org/quryltairesmi

Құрылтай депутаты клининг саласындағы жұмыспен қамтуды заңдастыру тетіктерін ұсынды.