Құрылтайдың экс-депутаты Қорғаныс министрінің орынбасары болды

АСТАНА. KAZINFORM — Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Фото: parlam.kz

Тиісті өкімге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

—  Мемлекет басшысының өкімімен Татьяна Михайловна Савельева Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген құжатта.

Еске салайық, бүгін, 2026 жылғы 7 қазанда Құрылтайдың жалпы отырысында депутат 
Татьяна Савельеваның өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылғанын жазғанбыз. 

Құрылтайдың жалпы отырысында депутаттар аталған ұсынымға қолдау білдірді.

Сондай-ақ Әскер Бейсенов Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылғанын хабарлағанбыз.