Құрылтайдың ресми сайты іске қосылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Құрылтайының ресми сайты іске қосылды.

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Ресми сайтқа quryltai.kz мекенжайы арқылы кіруге болады.

Сайтта:

  •  Құрылтай мен оның депутаттарының қызметі туралы өзекті ақпарат;
  • заң жобаларының мәтіндері;
  • анонстар мен талдамалық материалдар жарияланады.

Сондай-ақ сайтта отырыстардың онлайн-трансляциялары, фото және бейнематериалдар қолжетімді болады.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінің толық мәтінін мына сілтеме арқылы өтіп оқи аласыздар.