— Бұл сұрақ әділет органдарына қатысты емес, яғни жаңа партияны тіркеу, қайта құру немесе басқа да қадамдарды жүзеге асыру құқығы ел азаматтарына берілген, — деді Е. Сәрсембаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Сонымен қатар министрден Құрылтайдағы сайлау қарсаңында қай датаға дейін жаңа партиялар пайда болуы мүмкін екені сұралды.
— Жаңа Конституцияға сәйкес, тиісті іс-қимылдар 1 шілдеге дейін өтеді. Содан кейін Құрылтайдағы сайлау жарияланады. Тіркеуден өткен партиялар бұл сайлауға қатысады, — деді министр.
Еске салсақ, жақында Қазақстанда жаңа саяси ұйым — «Әділет» партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті.